Құқық • 28 Қаңтар, 2025
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Қаңтар оқиғасына» қатысқандарға сот үкімі шықты. Сот барысында қылмыстарға қатысты толық дерек айтылып, айыпты деп танылғандардың алды 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Көрме • 28 Қаңтар, 2025
Президент орталығында Көркем академияның корреспондент-мүшесі Ақжан Әли мен белгілі аустралиялық суретші Джеральд Флориан Месснердің «Біз біргеміз!» атты бірлескен көрмесі ашылды. Бұл вернисаж бірлік пен жасампаздықтың символына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналады.
Білім • 28 Қаңтар, 2025
Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық білім басқармалары және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесіп, білім ұйымдарындағы тамақтану сапасын талқылады.
Өнер • 28 Қаңтар, 2025
Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті суретші, еліміздегі Таеквондо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевтің туғанына 70 жыл толуына арналған «Дүние жалған, өнер мәңгі» атты рухани кеш өтті. Өмірден ерте кетсе де, артына мол мұра қалдырған талант иесінің қылқаламынан туған шығармалары топтастырылған сурет көрмесі оны іздеген, сағынған, еске алған зиялы қауымды айрықша әсерге бөледі.
Тағзым • 28 Қаңтар, 2025
Мемлекет және қоғам қайраткері Шәмшә Беркімбаеваның есімін халқымыз жақсы біледі. Ардақты тұлғаның білім саласында атқарған еңбегі ерекше. Қайраткер өмірден өткеннен кейін «Білім-инновация» қыздар лицейіне есімі берілді. Жақында өзі тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды.