Әдебиет • 28 Қаңтар, 2025
ChatGPT әдебиетке әсер ете ме?
Қалай десек те жасанды интеллект (ЖИ) біздің өмірімізге дендеп енді. Қазір ол әр салада өз рөлін белсенді атқарып отыр. Бұл құбылыстың шығармашылық үдерістегі рөлі қандай, оны қаламгерлер пайдаланып жатыр ма деген сұрақтардың тууы заңдылық. Мүмкін сіз естіген де шығарсыз, жапон жазушысы Ри Кудан «Токио мұнарасы» атты романын жазу барысында ЖИ қосымшасын еркін пайдаланыпты. Осы романы арқылы 170-Акутагава әдеби сыйлығын жеңіп алды. Біз білмейтін қаншама қаламгер ChatGPT арқылы шығарма жазып жатқанын бір Құдай біледі. Әлгіндегі ақпаратты естіген соң, маған жасанды интеллектінің әдебиетке әсері туралы әлем қаламгерлерімен пікірлесу идеясы келді. Бұл тақырыпта неміс қаламгері Артур Вайгандт, мысыр жазушысы Моан Шалабия, қытай ақыны Сао Шүй, қазақ жазушысы Зәуре Төрехан және қырғыз ақыны Ұлықбек Өмекеев өз ойларын айтты.
Ең қысқа әңгіме • 28 Қаңтар, 2025
Оң жақ сауырында алақандай қылаң дағы бар қара төбет қарға адым жерді мұң қылған алай-дүлей ақ боранда адасып кетті. Адасатын жөні жоқ еді. Жеті атасы да осы маң далада ерсілі-қарсылы жортып, қотан қорып, мал бағып нешеме жыл мекен еткен. Қара төбеттің арғы атасы жолбарыстың жолын кескен, қасқыр алған апайтөстің өзі еді. Бұл тұқым соңғы жылдары іргедегі Александровка селосының бұралқы иттерімен шатасып, қаны бұзылды.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2025
Ғалымдардың айтуынша, тұрақты түрде кітап оқу ми қызметін жандандырып қана қоймай, жан тыныштығын сақтауға және психологиялық тепе-теңдікті нығайтуға ықпал етеді.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының жас ғалымы Арыстанбек Ақылбай Оксфорд университетіне танылған студент ретінде қабылданды.
Кино • 28 Қаңтар, 2025
Жаңа деректі фильм қазақ халқының басына түскен нәубет жылдары Маңғыстаудан Иранға жер ауып, Германияға тұрақтаған қаракөз қандастардың тағдырын баяндайды.