Жұмыс • 25 Қаңтар, 2025
3000 студент жұмыспен қамтылады
Астанада «Amanat» партиясының бастамасымен елордалық бірқатар колледж бен ірі кәсіпорын келісімге келіп, жұмысшы мамандықтары жылы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Білім • 25 Қаңтар, 2025
«Болашақ» стипендиясының талабы өзгерді
«Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Жаңа талаптардың тізбегіне көз салсақ, үміткерлерге үміт сыйлайтыны да, дайындығын пысықтауға итермелейтіні, бұрын болмаған категорияның түрі де бар.
Білім • 25 Қаңтар, 2025
Жеке мектеп: мүмкіндігі мен мәселесі
Білімге ден қойған мемлекетте мектептер бір ауысымда ғана жұмыс істейді. Ал біздің елде әлі күнге дейін үшауысымды оқу ошақтары бар. Бұған апатты жағдайдағы білім ұяларын қосыңыз. Мұның бәрі оқушы орнының тапшылығын тудырады, соған қоса білім сапасын төмендетеді. Бұл мәселені шешудің жолы – мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жеке мектептер желісін көбейту. Аталған жүйе осыған дейін 3–6 жастағы балаларды балабақшалармен қамтуды ілгерілеткен еді.
Білім • 25 Қаңтар, 2025
Бұл сайыс бұрынғы жарыстан өзгерек. Өйткені елімізде алғаш рет оқушылар арасында республикалық «AI Olymp» атты жасанды интеллект олимпиадасы ұйымдастырылмақ.
Жансарай • 25 Қаңтар, 2025
Өткен жылдың соңында жоғары білім мен ғылым саласында ұзақ жыл қызмет еткен физик-ғалым бақиға озды. Досым Кенжалиев – Жезқазғандағы, Оралдағы, Астанадағы әріптестеріміз үшін ерекше есім. Әсіресе шәкірттеріне ыстық. Дәрісте, практикалық сабақта, ғылыми семинарда, факультеттің үлкенді-кіші жиынында үндемей-ақ, кеуде қақпай-ақ, салмақты ой, ұсыныс айтып тұлғасын биіктететін. Әдетте ол бір шетте қарапайым ұстаздық қалпымен тұратын. Біз «Досеке, не айтарыңыз бар?» деуші едік. Сонда ол: «Мәселе былай ғой...» деп ешқайсымыздың ойымызға келмеген сындарлы пікір айтатын. Аз, бірақ саз сөйлейтін.