Ипотека • 27 Қаңтар, 2026
Қазақстанның ипотекалық нарығы: Реформа алдындағы үзіліс
Ел азаматтарын тұрғын үйді қаржыландырудың тепе-теңдігін өзгертуге және халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігінде жаңа тарау ашуға қабілетті құрылымдық реформа күтіп тұр. Заңнамаға барлық екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) тұрғын үй құрылыс жинақтары (ТҚЖ) жүйесіне қатысуға рұқсат беретін түзетулер Отбасы банкінің монополия дәуірін аяқтайды. Енді банктер мен мемлекет арасындағы жең ұшынан жалғасу аяқталды. Реттеушінің шешімі, бір жағынан, бәсекелестікке және нарықтың өсуіне ынталандыру ретінде құпталады, екінші жағынан – негізгі ойыншыда елеулі қауіп туғызады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2026
Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметті дамыту мәселелерін талқылады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай орталық мемлекеттік органдардың қызметшілерімен мемлекеттік қызметті дамыту бағыттары мен алдағы басым міндеттерін талқылауға арналған кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге сомасында заңбұзушылықтар анықталды
Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметінде кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Астана мен Алматыда пилотсыз таксилер сынақтан өтеді
Елімізде пилотсыз такси қызметін іске қосу бойынша пилоттық жобаның егжей-тегжейі нақтыланды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Ертең бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Астана қаласында бірінші ауысымда оқитын 0-6-сынып оқушылары аязға байланысты қашықтан оқытуға көшірілді. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.