Ауа райы • 27 Қаңтар, 2026
Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Қазгидромет 27-29 қаңтар аралығында күтілетін ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, еліміздің басым бөлігін қамтиды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2026
Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райына байланысты тасжолдардағы жағдайды мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Қаңтар, 2026
Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды
Астанада Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы үш отырысы өтті. Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты былтырғы Жолдауы мен Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай отырысында берген маңызды тапсырмаларын орындауға арналған комиссия құрамына түрлі саланың өкілдері енген. Оған Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова жетекшілік етеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағаның орынбасарлары болып бекітілген.
Заң мен Тәртіп • 27 Қаңтар, 2026
Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді. Онда Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгеріс жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты. Сонымен қатар жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама
«Қазақстан халқына» қорының құрылғанына төрт жылдан асты. Әлеуметтік саланың әр бағытын бекем етіп, нығайтуға кәсіпкерлер мен іргелі компаниялардың әлеуетін тартуды мақсат еткен ілкімді бастама ел игілігіне айналды. Мемлекеттің басты байлығы саналатын халықтың қажеттілігін өтеуде қордың атқарған жұмысы да қадау-қадау.