Қоғам • 24 Қаңтар, 2020
Нұр-Сұлтанда қар тазалауға 1 403 жұмысшы жұмылдырылды
23 қаңтардан 24-не қараған түні елордадан 19 088 текше метр қар шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 24 Қаңтар, 2020
Әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды
АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды. Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 24 Қаңтар, 2020
2019 жылы Алматы облысында 48 мыңнан аса жұмыс орны ашылды
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Хоккей • 24 Қаңтар, 2020
Шайбалы хоккей: «Барыс» СКА-ға есе жіберді
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Санкт-Питербургте өткізген Нұр-Сұлтанның «Барысы» жергілікті СКА-дан ұтылып қалды.
Президент • 24 Қаңтар, 2020
Президент Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған шараларға қатысты мәселелерді көтерді
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған шараларға қатысты мәселелерді көтерді. Осы тарапта Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Даниал Ахметовке бірқатар тапсырмалар берді.