Ауа райы • 30 Қазан, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұлтты болады
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, бейсенбі, 30 қазан күні еліміздің басым бөлігінде аспанды бұлт торлайды. Дегенмен оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, жайлы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Қазан, 2025
Вьетнамда нөсер жаңбырдан болған су тасқынынан 10 адам қаза тапты
Вьетнамның орталық өңірлерінде толассыз нөсер жауын салдарынан жойқын су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, кем дегенде 10 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 30 Қазан, 2025
Ұлттық ұланда цифрландыру жаңа деңгейге шықты
Құқықтық тәртіп әскерінде цифрландыру үдерісі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы ретте ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясында цифрландыру дәуіріндегі ақпараттық қауіпсіздік пен коммуникацияның жаңа бағыттарына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 30 Қазан, 2025
Павлодар облысында Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды өңірінің белсенді, іскер әйелдері «Ауыл әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты республикалық форумында бас қосты. Осынау іс-шара Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен «Ауыл» партиясының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Атырауда батыстағы төрт өңірдің әйелдер қауымы жиналып, маңызды мәселелерді талқылаған еді.
Саясат • 30 Қазан, 2025
Мәдениет пен өнер саласындағы әріптестік
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Яап Ора мырзамен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және Эстония Президенті Алар Каристің мемлекеттік сапары аясында Астанада өтетін бірқатар іс-шараны талқылады.