Мәдениет • 23 Қазан, 2025
Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті
Мемлекеттік қолдау және шығармашылық ұжымдарды ынталандыру мақсатында кейінгі бес жылда мәдени ұйымдардың мәртебесін көтеруге маңызды қадам жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 23 Қазан, 2025
Қазақстанның Даму Банкі мен RG Brands Kazakhstan: отандық өндірістің табысты серіктестігі
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Алматы облысындағы Елтай ауылында баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараға республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, танымал блогерлер, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Баспасөз турының негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдау тетіктерінің өңдеуші өнеркәсіптің дамуына, өндіріс үдерістерін цифрландыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға қосып жатқан үлесін нақты мысал арқылы көрсету болды. Іс-шара барысында қатысушылар өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен танысып, заманауи технологиялардың енгізілуі мен даму банкі тарапынан көрсетілген қаржылық қолдаудың нақты нәтижелерін көзбен көрді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ұсынылған қаржылық және институционалдық қолдау құралдары өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда маңызды рөл атқарып жатқанына тағы бір мәрте көз жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша, 23 қазан күні Астана уақытымен сағат 12:20-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданында аспаннан белгісіз нәрсе құлады
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты Қызылтал ауылы маңында аспаннан ұшақсыз басқарылатын аппаратқа ұқсас нәрсе құлап, жарылыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 23 Қазан, 2025
«Мерейлі отбасы-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Елордада отбасы құндылықтарын дәріптейтін дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өз мәресіне жетті. Бұл – жыл сайын елдің түкпір-түкпіріндегі өнегелі әулеттерді біріктіретін, татулық пен сүйіспеншілікті насихаттайтын рухани мереке, деп жазады Egemen.kz.