Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Түркістан облысында фармацевтикалық кәсіпорын іске қосылды
Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округіне қарасты Қарабастау ауылында «Дарын-2030» фармацевтикалық өндірістік кәсіпорны ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қазан, 2025
Елордада «Елім дегендер» байқауы өтті
Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Республика күні қарсаңында өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 23 Қазан, 2025
Нью-Йоркте Республика күніне орай Қазақстанның туы көтерілді
Манхэттеннің қаржы орталығында ҚР Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп, Нью-Йорк мэриясы бұл күнді ресми түрде «Қазақстан мұрасы күні» деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
Жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді
Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 23 Қазан, 2025
Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді
Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені арқылы экологиялық мақсатта су жіберу шаралары шеңберінде шамамен 6,32 млрд текше метр су жіберіліп отыр. Сала министрі Нұржан Нұржігітов Ертіс бассейндік инспекциясының биылғы тоғыз айында атқарылған жұмысы туралы есебін тыңдады, деп жазады Egemen.kz.