Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Ұлытауда автожол саласы қызметкерлері марапатталды
Ұлытау облысында Автомобиль көлігі және Автожол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Игі шарада еліміздің жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегі еленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Қазан, 2025
Синоптиктер 12 аймақта күн бұзылатынын ескертті
Синоптиктер 23 қазан күні Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайдың орнауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қазан, 2025
Үкімет 6,8 трлн теңгені әлеуметтік салаға бағыттайды. Мәжіліс үшжылдық бюджетті бекітті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда депутаттар атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру, қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру және өзге де салаларға қатысты жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасын егжей-тегжейлі талқылап, алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті бекітті. Құжат Бюджет кодексінің талаптарына, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленіп отыр.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
Ерік-жігері мықты азаматтарға Жол картасы әзірленді
Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиында түрлі деңгейдегі сайлауларда үдерісті барынша инклюзивті әрі қолжетімді ету мәселесі қаралды.
Республика күні • 23 Қазан, 2025
Жақында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына және Республика күніне арналған «Егемендік жолы» атты көрменің ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында сол айтулы оқиғаға куәгер адамдардың бірі ретінде бізге де сөз берілді. Әрине, ондай рәсімде айтылар лебіз қысқа қайырылады. Біз де солай еттік. Сол іс-шарадан кейін ойға қалдық. Еліміз басты ұлттық мерекенің алдында тұр. Осы датаның мән-маңызы, қадір-қасиеті туралы көзкөрген ретінде біздің де айтарымыз бар емес пе? Көрмені ашу кезіндегі құттықтаудың аясына сыймаған жайларды неге қағазға түсірмеске?