Экология • 22 Қазан, 2025
Каспийдің экожүйесі алаңдатады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Каспий теңізінің тартылуы мәселесін ерекше атап өтті. Түйткілді шешу мақсатында Каспий маңы мемлекеттері арасында бірлескен бағдарлама жасаудың маңызына тоқталып, ғылыми-зерттеулерге басымдық беру керектігін айтты.
Руханият • 22 Қазан, 2025
Иә, жаны күміс, көңілі дәйім көктем шуағын төгіп, күлкісі күмістей сыңғырлауынан жазбай келе жатқан әріптес ардагер, қанаттас қаламгер досымыздың Күмісжан деген аты да затына сай. Бір байқағаным, басқа мамандықтарды қайдам, дәл осы біздің журналист қауымы арасындағы достық, бірлік, тілектестік пен ынтымақ берік болады, ұзағынан сүйіндіреді. Өзімнің де Мамадияр Жақып, Сауытбек Абдрахманов, Қайсар Әлім, Сүлеймен Мәмет, Тілеуқабыл Мыңжасар, т.б. журналистика саңлақтарымен достығымыз, тілектестігіміз көп жылдан бері көңіліме тоқ, жаныма жайлау. Міне, Күмісжан Байжан әпке досымыз да осы қатардан табылғалы қашан.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
Таяуда Алматыда Нұр-Мүбарак университетінде Қазақстанның дін ғұламасы, 20 жыл ел қазиятын басқарған тұлға, аудармашы, ақын, рухани сала тарихшысы Садуақас Ғылманидың (1890–1972) перзенті, кеңес заманының қиын жылдары әке мұрасын үзіліссіз насихаттаған Үкіжан (Мүмина) Садуақасқызы (1923–2024) ұрпаққа аманат еткен «Өмірімнен ескерткіш» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Спорт • 22 Қазан, 2025
22-31 қазан аралығында Бахрейн астанасы Манамада ІІІ жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алауы тұтанады. Жарысқа қатысушылар аралас жекпе-жек, ауыр атлетика, ат спорты, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, велоспорт, волейбол, гандбол, гольф, джиу-джитсу, дзюдо, жағажай волейболы, жеңіл атлетика, жүзу, кабадди, киберспорт, күрес түрлері, муайтай, таеквондо, текбол, триатлон, түйе жарысы, футзал, үстел теннисінен сайысқа түседі.
Ғалам ғажаптары • 22 Қазан, 2025
15–17 жас аралығындағы «Жас фотограф» аталымында италиялық Андрейа Доминици үздік деп танылды. Ол түсірген кадрда ұзынмүйіз қоңыз өз аумағына кірген бөгде нысанды сақтықпен бақылап тұр.