Жасанды интеллект • 22 Қазан, 2025
Адамзат тарихын алгоритм жаза ма
Жасанды интеллектінің кернеуі күн сайын күшейіп келеді. Адамзат ақпаратты сандыққа емес, сандық алгоритмге жүктеп, жеке деректерін жасанды интеллектіге аманаттай бастады. Бұл үрдістің қаншалықты қауіпті иә қауіпсіз екенін цифрлық коммуникациялар саласының зерттеушісі Айгүл Ахметовадан сұрап білдік.
Білім • 22 Қазан, 2025
60 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
2025 жылдың басынан бері еліміз бойынша 63 208 педагогке арналған курс ұйымдастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 22 Қазан, 2025
«Ұста өнерінің сан қыры» кітабының тұсауы кесілді
Республика күні қарсаңында Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде ұста, зергер, суретші-реставратор, ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Суретшілер одағының және Дизайнерлер одағының мүшесі Ерғазы Исатаевтың 60 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 22 Қазан, 2025
Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны тежеу жоспарын әзірлеп жатыр
Бүгін Мәжілісте Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен пленарлық отырыста 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет және жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобалары қаралды. Құжаттар Бюджет кодексінің талаптарына және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенцияны қолдайды
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы – елдегі ең ірі еңбекшілер бірлестігі ретінде еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін белсенді түрде қорғап келеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымының №131 «Дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенциясын ратификациялауын құптайды, деп жазады Egemen.kz.