Технология • 21 Қазан, 2025
Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы пайда болады
Еліміздің қалаларында интернетке жаппай қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторын құру жоспарланып отыр. Жоспарды жүзеге асыру барысы бүгін Үкімет отырысында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қазан, 2025
2027 жылға қарай қазақстандықтар түгел интернетпен қамтылады
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев алдағы екі жылда халық 100 пайыз интернетпен қамтылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Қазан, 2025
«Қайрат» пен «Пафос» ойынын қайдан көруге болады
21 қазан күні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында Алматының орталық стадионында қазақстандық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары кездеседі. Ойын сағат 21:45-те басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қазан, 2025
Цифрлық елге айналу міндеттері байыпталған жиын
Еліміз орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект арқылы қол жеткізуі керек. Өйткені Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, цифрландыру ОДМ мақсаттарының негізгі индикаторларының 70 пайызына дейін қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл мәселе Сенатта өткен Орнықты даму саласындағы Ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның кезекті отырысында көтерілді.
Үкімет • 21 Қазан, 2025
Әлеуметтік сала мен өнеркәсіптегі стартаптар қолдау табады
Премьер-министр Олжас Бектенов отандық IT-компаниялардың өкілдерімен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде білім беру, спорт пен өнеркәсіп саласындағы ЖИ-стартаптарды қолдау мәселесін талқылады.