Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Семей десе, алдымен ойға оралатыны – Алаш тарихы мен әдебиет алыптары. Әйткенмен, бұл жердің руханияты қалай өркендесе, индустриясы да солай қарыштаған еді. Цемент зауыты, ет комбинаты, тері өңдеу өнеркәсібі ерте дамыды. Ал қоғам нарыққа кіргелі бұл өндіріс орындарының да шаруасы шатқаяқтады. Халқымыздың атакәсібі, күнкөрісі, тұрмыс-тіршілігі малмен тығыз байланысты болған соң әр қазақ баласы тері өңдеудің қыр-сырын жете білген.
Шахмат • 21 Қазан, 2025
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ФИДЕ-нің мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шахматтан екінші олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысты.
ЖОЛДАУ • 21 Қазан, 2025
Су саясатын тиімді жоспарлау тетігі
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда су ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын құруды тапсырған еді. Су ресурстары және ирригация министрлігі іске қосуға тиіс Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі елдегі гидрогеологиялық бақылауды жүйелі жүргізуге әрі су ресурстарын тиімді басқаруға жол ашады.
Сараптама • 21 Қазан, 2025
Шағын бизнес: мүмкіндік кезеңі
Үкіметтің макроэкономикалық ахуалды тұрақтандыруға қатысты қабылдаған шешімдерін шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін сүйінші хабар болды деуге негіз бар ма? Бұған мен «иә» деп жауап берер едім. Дегенмен ескере кетер бір маңызды жайт бар, бұл – үзіліс, күш жинау мүмкіндігі. Бізге тыныстап, бизнесті ретке келтіруге уақыт берілді: қаржылық жоспарлауды, стандарттау мен жүйелеуді енгізуге және басқа да маңызды істерді қолға алуға мүмкіндік туды.
Кітапхана • 21 Қазан, 2025
Кейінгі бес жылда архив, кітапхана және кітап ісі саласында ілгерілеу бар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, осы салалардағы кадрлық әлеуетті нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыс ауқымды.