Қоғам • 22 Қазан, 2025
Қоғамдық келісім, азаматтық бірлік және этносаралық қарым-қатынастарды дамыту – Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыты. Бүгінде елімізде жүзден астам этнос өкілдері татулық пен келісім аясында өмір сүріп жатыр. Оларды тең мүмкіндіктерге негізделген әрі тұрақты дамуға бағытталған Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі ортақ мақсат біріктіреді.
Республика күні • 22 Қазан, 2025
Егемендікке негіз болған рухани тұтастық
Кез келген мемлекеттің тұрақтылығы қоғамдағы келісім мен өзара сыйластыққа байланысты. Әсіресе қазіргі жаһандық сын-қатерлер тұсында бұл қағиданың мәні бұрынғыдан да арта түсті. Ал Қазақстан осы бағыттағы стратегиялық қадамын ерте айқындап алды. Сонау 1990 жылғы қабылданған Егемендік декларациясы ел тәуелсіздігінің саяси іргетасы ғана емес, қазақ жеріне қоныстанған этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырған, рухани тұтастық пен біртұтас ұлт идеясын бекіткен алғашқы тарихи құжат еді.
Сұхбат • 22 Қазан, 2025
Икрам АДЫРБЕКОВ: Декларация ел тағдырына деген жауапкершілікті арттырады
Биыл Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға 35 жыл толып отыр. Бұл құжат еліміздің ресми түрде дербес мемлекет болуына алғышарт болған алғашқы құқықтық іргетас саналды. Егемендік жариялаған сәттен бастап ел өз заңдарының үстемдігін бекітіп, сыртқы саясатты дербес жүргізу құқығына ие болды. Осы тарихи белестің мәні мен оның дипломатия құндылықтарын қалыптастырудағы рөлі жөнінде мемлекет қайраткері, Төтенше және өкілетті елші Икрам Адырбековпен сұхбаттасқан едік.
Өндіріс • 22 Қазан, 2025
Локомотив құрастыру өндірісінің қарқыны жоғары
2009 жылы құрылған «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ бүгінге дейін 675 локомотив құрастырыпты. Басты тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы. Сонымен қатар 42 локомотив Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Молдова, Украинаға экспортталған.
Шаруашылық • 22 Қазан, 2025
Жетісулық шаруалар тәтті түбірден басқа дақылдарға орақ салды. Биыл 130 мың тонна картоп жиналуға тиіс. Осы күнге дейін қамбаға 240,6 мың гектардан дәнді дақыл түскен. Оның ішінде бидай мен арпа толық аяқталды. Астық жинауға 10,7 мың трактор мен 1 009 комбайн жұмылдырылған.