Форум • 21 Қазан, 2025
Денсаулық күзетіндегі жас ғалымдар форумы
Жуырда, яғни 17–18 қазан күндері Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бас ғимаратында жас ғалымдар мен студенттердің III Халықаралық форумы өтті. Оған өз елімізбен бірге Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Германия, Польша, Ресей мемлекеттерінен келген жас зерттеушілер мен оқытушылар қатысты. Алғашқы болып сөз алған академия ректоры Жанна Сейітжанова жиналған қауымды форумның ашылу салтанатымен құттықтады. Ол сондай-ақ биыл осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған ғылыми басқосуға қатысуға алыс-жақын шетелден арнайы келген қонақтарға ерекше ризашылығын білдірді.
Көрме • 21 Қазан, 2025
Астанада қазір әлемге әйгілі суретші Пабло Пикассоның бірегей туындыларының көрмесі өтіп жатыр. Халықаралық «Lumiere-Hall» музейі ұйымдастырған көрмеге Германия, Бельгия және Францияның жеке коллекцияларынан алынған шебердің 51 литографиясы қойылған.
Шахмат • 21 Қазан, 2025
Албанияның Дуррес қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Еліміздің жас шахматшылары дүбірлі додадан олжалы оралды.
Кино • 21 Қазан, 2025
Қазанның 22-сі күні Астанадағы «Kinopark 7 IMAX Keruen» кинотеатрында «Капитан Байтасов» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтеді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бірлесе түсірген туынды шынайы оқиғаға негізделген.
Спорт • 21 Қазан, 2025
Футболдан ел біріншілігі мәресіне таяп келеді. Қай клубтың топ жаратыны соңғы турда анықталады. Әзірге көш басында – 58 ұпай жинаған Алматының «Қайрат» футбол клубы. Олар 25-турдың матчын сырт алаңда өткізіп, «Қызылжар» клубын 0:1 есебімен жеңді. Чемпиондық атақтан үмітті «Астана» клубы өз алаңында «Ақтөбе» командасын 5:3 есебімен еңсерді. Олардың еншісінде 56 ұпай бар. Биылғы ел чемпионатында қай клубтың топ жаратыны 26 қазан күні Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Астана» арасындағы тартыста анықталады. Қостанайдың «Тобыл» клубы биылғы ел чемпионатында үздік үштікті түйіндеді.