Ұстаз • 30 Қазан, 2025
Профессор Есен Бидайбековті ғылыми орта жақсы біледі. Ғалымның есімі – еліміздегі білім жүйесін ақпараттандыру мен ұлттық мектепке информатика пәнін енгізумен тығыз байланысты. Оның ғылымдағы алғашқы ізденісі қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүргенде басталып, кері есептер мен математикалық физика саласын зерттеуге бет бұрды.
Байқау • 30 Қазан, 2025
Әулиекөлде ауылшаруашылық колледждерінің студенттері арасында өткен «AgroSkills-2025» атты республикалық байқау мәреге жетті. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен байқауға еліміздің 14 өңірінен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.
Білім • 30 Қазан, 2025
Ертіс-Баян өңірінің әдебиеттану ғылымы Тәуелсіздікпен бірге жаңарып жаңғырды. 1990–2000 жылдары осы саланы көрнекті ғалым, жазушы Қуандық Мәшһүр Жүсіп дамытса, бүгінде бұл дәстүрді филология ғылымдарының докторы, профессор Сейфитден Сүтжанов сәтті жалғастырып келеді. Қуандық Фазылұлы әйгілі ҚазПИ-дегі академиктер Қажым Жұмалиев пен Мәлік Ғабдуллиннің шәкірті болса, ҚазМУ-дың түлегі Секең едәуір жыл Алматыдағы Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қыздар мемлекеттік педагогика институтында қызмет істеп, Бейсенбай Кенжебаев, Зейнолла Қабдолов, Тұрсынбек Кәкішұлы, Рымғали Нұрғали сынды майталмандардан тәлім алды.
Ғылым • 30 Қазан, 2025
Соңғы жылдары ауызсу тапшы ресурстың біріне айналды. Президент тапсырмасына орай қазіргі кезде ел тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасы қабылданып, жобалар қолға алынды.
Ғылым • 30 Қазан, 2025
Отандық ғылым қашан нақты нәтиже береді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы қыркүйек айында Президент жанындағы Ғылым және технология жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында: «Бүгінде кез келген елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады. Сондықтан елімізде ғылымды дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі», деп айтты. Шынында, ғылым – прогрестің қозғаушы күші. Ғылымсыз қоғамның табысты дамуы да мүмкін емес.