Алматы • 20 Қазан, 2025
Giro d’Almaty-2025 веложарысы өтті
Алматы қаласы жаттықтырушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен велоспорт әуесқойлары мен ардагерлерінің дәстүрлі Giro d’Almaty-2025 шосселік жарысы өтіп, оған Астана, Көкшетау, т.б. қалалардан келген спортшылар да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Келер жылы 2 689 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанның 6 179 елді мекенінің 119 қаласы мен 4 906 ауылы байланыспен қамтамасыз етілген, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 20 Қазан, 2025
Құқық үстемдігі – тәуелсіздіктің сара жолы: Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы
Биыл Қазақстан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтуде. Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда әлемге танылып отырған еліміздің мемлекет болып қалыптасуы тап осы кезеңнен бастау алды. Декларация республикамыздың ішкі және сыртқы саясатын өз бетінше айқындау, ресурстарға иелік ету, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыру құқығын алғаш рет заңды түрде бекітіп берді.
Үкімет • 20 Қазан, 2025
Цифрлық штаб мемлекеттік сервистерді бірыңғай платформаға біріктіруді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Цифрлық штаб отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Отырыста бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыру, инновациялар мен IT-стартаптарды қолдау жөнінде нақты шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 20 Қазан, 2025
ШҚО-да депутат қаржы жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдікке іліккен, деп жазады Egemen.kz.