Көрме • 30 Қазан, 2025
Франкфурттағы халықаралық кітап көрмесі
Шыны керек, адамзаттың осы күнгі жетістіктері кітаппен тікелей байланысты. Керек десеңіз, кейбір кітап әлемді өзгертуге тікелей себепкер болған. Мысалы, Гутенберг 1455 жылы басып шығарған алғашқы Библия адамзат тарихындағы баспа дәуірінің бастауына айналды. Ол кітап басу ісінде төңкеріс жасап, білім мен мәдениеттің таралуын жылдамдатты. Содан бері адам баласы тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірінде кітаптан құндылық тапты, үйренді, табысқа жетті. Бір сөзбен айтқанда, кітап өмірдің бір бөлшегіне айналды.
Әлем • 30 Қазан, 2025
Таңғы жұпар елі. Оңтүстік Кореяның жаһан жұртына белгілі де бейресми атауы осындай екен. Шынында да Корей түбегіне табан тіресеңіз, таулы өңірдегі ақ жауыннан кейінгі саф ауа мен жайқалған желекке куә боласыз. Біз барған күздігүні біз болған әсем шаһарларын, әсіресе қалаларының арасындағы ауылдарын жасыл барқыт кілеммен көмкеріп қойғандай. Биыл Тынық мұхиты мемлекеттерінің экономикалық саммитін өткізуге таңдалған Кореяда көретін тағы не бар? Осыны баяндамаққа бел будық.
Кәсіпкер • 30 Қазан, 2025
Атырау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары тиімділігін көрсетіп отыр. Мұндай бағдарламаларға кәсібін бастауға бет бұрған қыз-келіншектер жиі жүгінеді.
Еңбек • 30 Қазан, 2025
Жер мен елдің қасиетін еңбекпен таныған жандар аз емес. Кешегі кеңшар дәуірінен бүгінгі нарық заманына дейін үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тұлғалар қаншама? Солардың бірі, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, қазыналы қария – Сапарғали Алтынбайұлы. Ол үшін еңбек – абыройдың бастауы, өмірдің мәні.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Қазан, 2025
Еңбекпен ырысын еселеген әулеттер
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еңбек адамына көңіл бөлу, олардың жанқиярлық еңбегін дәріптеу, басқаларға үлгі ету мәселелері кенжелеп қалғанын мойындауымыз керек. Барлық материалдық игілік қарапайым еңбек адамының қолымен жасалып жатқанын білсек те, ол өз еңбегіне қарай ақысын алады, бұрынғыдай мемлекеттің жұмысын істеп жатқан жоқ, жеке кәсіпкердің немесе өз жұмысын істейді, сондықтан оны мақтаудың, дәріптеудің керегі қанша деген орынсыз ой сананы жаулап алған еді. Тек ішінара ғана ондай жандардың еңбектеріне лайықты баға берілетін.