Тағзым • 18 Қазан, 2025
«Майқайыңалтын» кеніші аумағында өзгенің өмірін құтқару жолында бақилық болған батыр құтқарушылардың рухына арналған мемориал ашылды. Онда 2024 жылдың қаңтар айында ойыққа құлап қаза тапқан тау-кен құтқарушыларының есімдері тасқа қашап жазылған.
Маман • 18 Қазан, 2025
Адам жанына араша болып, қауіп-қатердің ортасында жүру — екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс, ол үлкен жанкештілікті талап етеді. Сондай мамандықтардың бірі — құтқарушы. Қиын, бірақ күнделікті тұрмыста қажетті мамандықты таңдаған жас – Ақтілеу Иманәлі. Ақтаулық жас жігіт Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «төтенше жағдайлардан қорғау» мамандығы бойынша білім алып жүр.
Еңбек • 18 Қазан, 2025
Еліміздің орман шаруашылығы саласында еңбек сіңіріп, тер төккен азаматтар аз емес. Соның бірі – орман шаруашылығында табан аудармай 42 жыл еңбек еткен Жанат Демежанов.
ЖОЛДАУ • 18 Қазан, 2025
Қараусыз қалған орман иесін табады
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында: «Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек. Соның негізінде жердің сапасына, егіннің шығымына, дәнді дақылдардың жай-күйіне, қай жерге қандай дақыл егілгеніне терең талдау жасалуға тиіс. Бұл – орман шаруашылығына да қатысты мәселе. Жақында Солтүстік Қазақстан облысында 9 мың гектар орманның иесіз жатқаны анықталды», деп атап өтті.
Талбесік • 18 Қазан, 2025
«Ертіс орманы» резерватының мамандары табиғи өрттердің салдарынан жанып кеткен 47 мың гектардан астам жерді қайтадан жайқалған жасыл орманға айналдырып үлгерген. Сауабы өлшеусіз бұл игі істің басы-қасында жүрген тәжірибелі маманның бірі – Ержан Сағадиев.