Ғылым • 18 Қазан, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін жүрек-қан тамырлары ауруының қаупін ерте анықтайтын «Zhurek AI» платформасын әзірледі.
Құтқарушы • 18 Қазан, 2025
Биыл Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл толып отыр. Кез келген шақыртуға жедел жетіп, жылдам әрекет ететін жасақтың қызметі осы кезеңде мықтап қалыптасты, ширады, жетілді. Төтенше жағдайға сақадай сайланып, адам өмірін сақтап қалу жолында от пен суға түсуден тайынбайтын құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің тіршілігінде қауіп-қатер табан астында.
Инфографика • 18 Қазан, 2025
Қазір ел халқының саны – 20 426 568 адам. Ал 1991 жылы 16,4 млн адам болған еді. Мамандар демографиядағы оң өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімді іс-қимылынан болатынын айтады.
Қоғам • 18 Қазан, 2025
Макроэкономикалық тұрақтылық жауапкершілігі
Президент тапсырмасынан кейін Олжас Бектенов басқаратын Үкімет шұғыл қадамдарға барды. Атап айтсақ, баға мен тарифтерге уақытша шектеу енгізіліп, ипотека мен автонесиелеу бағдарламалары қайта қарастырылды. Үкіметтің түсіндіруінше, бұл қадамның басты мақсаты – макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау мен халықтың әлеуметтік жүктемесін жеңілдету. Мемлекет басшысының макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету әрі экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайтуға қатысты тапсырмаларын орындау осылай жүзеге асырылмақ.
Табиғат • 18 Қазан, 2025
Қазан айының үшінші жексенбісінде Орман шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл күн – табиғаттың байлығын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету жолында еңбек етіп жүрген бейнеткеш қауымға деген құрметтің белгісі. Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, табиғаттың тынысы, тұрғындардың тіршілік көзі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тал егу, орманды алқаптарды сақтау, ұлғайту ісіне ерекше назар аударып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жақын жылдары еліміздің орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады.