Келешек мектептері • 30 Қазан, 2025
Екі ауыл балаларының қуанышы ерекше
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында Жамбыл облысында бұған дейін төрт мектептің іргесі қаланса, Республика күні мерекесі аясында Қордай ауданында тағы екі білім ұясы шәкірттерге есігін айқара ашты. Заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа мектептер уақыт сұранысына сай бой көтерген.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Республика күні мерекесінде Жамбыл ауданында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Олардың қатарында заманауи мәдени кешен де бар. Аудан орталығы Аса ауылында өткен ресми іс-шараға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Еларалық жолдың сапасы жақсарды
«Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Ресей Федерациясы шекарасына тірелетін «Ақтөбе – Мәртөк» тасжолының 51–84 және 95–99 шақырымын жөндеу аяқталды. Биылғы мамырда «Ассана Дор Строй» ЖШС мамандары іске кірісіп, қара суыққа қалдырмай тапсырманы уақтылы орындады.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Мұнайлы өңірдің әлеуметтік-спорттық инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеру мақсатында 2021–2025 жылдар аралығында 36 спорт кешені мен 25 воркауд жаттығу алаңын салу жоспарланып отыр. Биыл Мақат, Қызылқоға, Исатай, Махамбет, Индер аудандарында спорт кешендері пайдалануға беріледі.
Спорт • 30 Қазан, 2025
Спорттық әлеуеті зор мегаполис
Елімізде бұқаралық спортты дамыту – стратегиялық маңызы зор міндеттердің бірі. Себебі дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі. Осы орайда Алматы қаласында қолға алынған ауқымды жоба спорттың қолжетімділігін арттырып, халықты саламатты өмір салтына бейімдеуге айтарлықтай серпін беріп отыр.