Әлем • 16 Қазан, 2025
Әлем тұрғындарының басым бөлігі жасанды интеллектке сақтықпен қарайды
Әлемнің 25 еліндегі тұрғындар жасанды интеллект (ЖИ) технологиясына қатысты көбінесе сақтық танытып отыр. Pew Research Center-дің 2025 жылғы көктемде жүргізген сауалнамасына сәйкес, 25 елдің орта есеппен 34%-ы ЖИ туралы көп естігенін, 47%-ы аздап естігенін, ал 14%-ы мүлде естімегенін жеткізген, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Қазан, 2025
Абай облысында өзгенің банк шоттарынан қаражат ұрлаған күдікті ұсталды
Аягөз ауданының полиция бөліміне 62 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз тұлғаның оның банк шоттарынан ақшаны қолды еткенін хабарлап, арызданған, деп жазады Egemen.kz.
Мирас • 16 Қазан, 2025
Көшпенділер ойыны: Ұлт мұрасы әлем сахнасында жаңғырып тұр
15 қазан күні 77-ші Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесі өз жұмысын бастады. Бұл – әлемнің ең ірі баспа және мәдени алаңдарының бірі. Жыл сайын мұнда 90-нан астам елдің төрт мыңға жуық ұйымы, баспагерлер мен авторлар, аудармашылар мен әдеби агенттер жиналады. Биылғы көрменің құрметті қонағы — Филиппиндер елі, деп жазады Egemen.kz.
Құқық • 16 Қазан, 2025
Атырау облысында 13-17 қазан аралығында республикалық деңгейде «Заңсыз келуші–2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Оқушылар 400-ге жуық бөтелке қақпағынан Қазақстан картасын жасады
Астана қаласының №55 орта мектебі экологиялық мәдениетті дәріптеудің тың тәсілін ұсынды. Мектеп ұжымы мен оқушылар «Экоәлем» бағыты аясында пластик қақпақтарды жинап, оларды қайта өңдеу арқылы Қазақстан Республикасының картасын құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.