Әлем • 16 Қазан, 2025
Қытай мемлекеттік қызметке қабылдау жасын ұлғайтты
Қытай Халық Республикасы мемлекеттік қызметке қабылдау жасына қатысты шектеуді өзгертті. Жаңартылған тәртіп бойынша мемлекеттік қызметке үміткерлер үшін жоғарғы жас шегі 35 жастан 38 жасқа дейін көтерілді. Ал магистрлік не докторлық дәрежесі бар азаматтар үшін бұл меже 40 жастан 43 жасқа дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz China Daily-ге сілтеме жасап.
Бизнес • 16 Қазан, 2025
«Дамумен» ырысын еселеген кәсіпкерлер
Биылғы маусым айында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Бұл құрал пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына тиімді балама болмақ және кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Шарттары да ыңғайлы. Мерзімі 10 жылға дейін. Осы уақыт ішінде 12,6%-дық мөлшерлеме өзгермейді. Алматы қаласында осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері жалпы несие сомасы 56.6 млрд теңге болатын 114 жоба қолдау алды. Жақында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы арқылы бизнесін алға жылжытып отырған Алматы іргесіндегі зауыттардың жұмысымен таныстық, көрдік. Тек «Өрлеу» ғана емес, «Даму» қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің бизнес-кейстерімен таныстық.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Шығыста жылу жүйесіне күн энергиясы технологиялары енгізіліп жатыр
Ұлан ауданының Таврия ауылында инновациялық күн энергиясымен жылыту жүйесі іске қосылды. Бұл тың жоба жергілікті хосписте жүзеге асырылып, өңірде энергия үнемдейтін әрі экологиялық тұрғыдан таза технологияларды дамытуға бағытталған бағдарлама аясында қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қазан, 2025
Еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатындар анықталды
20-27 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Қазан, 2025
Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасын таныстырды
Сеул қаласында өткен «Alatau Rise With Kazakhstan» инвестициялық форумында Қазақстан тарапынан бірқатар маңызды бастамалар жария етіліп, ҚР Премьер-министрі Қанат Бозымбаев жаңа Alatau City жобасын таныстырды. Форумға Қазақстан тарапынан Caspian Group компаниясының төрағасы Юрий Цхай және жобаның инвестициялық серіктесі – Alatau City Bank акционері Вячеслав Ким қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.