Ғалам ғажаптары • 16 Қазан, 2025
Адам өмірінің шамамен үштен бірі ұйқымен өтеді. Ал сол ұйқының 6 жылға жуығы түс көруге байланысты. Орташа есеппен әр адам күніне 4–6 рет түс көреді, бірақ оянған соң көбі оны есіне түсіре алмайды.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Кейінгі екі жыл бедерінде Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Еліміздегі жасыл қалалардың санатына жататын Тараз шаһарында да төңіректі тегіс таза ұстау мақсатында біршама іс тындырылды. Ең бастысы, шаһар халқы экологиялық мәдениетке баса назар аудара бастағаны көңіл қуантады.
Жәдігер • 16 Қазан, 2025
Қаған композициясы толықтырылды
Қайбір жылы Елеке сазында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде көп жәдігердің ішінен белдіктің жапсырмасы ерекше көзге түскен. Сол жапсырмадағы қағанның құрылтай құрып отырған бейнесі реализм стилінде жасалып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылған еді. Құрылтай композициясы биыл толықтырылып, қағанның қасына қос көмекшісі сомдалды.
Ұлттық спорт • 16 Қазан, 2025
Жылыой ауданында дәстүрлі садақ атудан ашық турнир өтті. Сайыста еліміздің 12 өңірінен, Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан 100-ден аса спортшы бақ сынады.
Байқау • 16 Қазан, 2025
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында даңқты композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық дирижерлер байқауы өтті. Саусағынан сиқырлы саз төгілген музыка шеберлерін бір алаңда тоғыстырған өнер додасы екі күнге жалғасты.