Заң • 15 Қазан, 2025
Қамаудан босап шыққандар әкімшілік қадағалауға алынады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа бірыңғай заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Оралда суретші Қуандық Мәдірдің «Талтүс» көрмесі ашылды
Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасы көрме залында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Тұран» халықаралық көркемөнер сыйлығының лауреаты Қуандық Мәдірдің «Талтүс» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 15 Қазан, 2025
Жұмысынан айырылған 240,5 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы көлемі артып отыр. 2025 жылғы 1 қазанға дейін МӘСҚ есебінен 285,2 мың адам жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алған. Оның ішінде 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Барлық төлемдердің жиынтық мөлшері 95 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz,
Оқиға • 15 Қазан, 2025
Бибігүл Жексенбай этносаралық келісім және БАҚ этикасы туралы пікір білдірді
Алматыда өткен жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай этносаралық келісімді нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өтіп, журналистік этиканың қоғамдағы татулық пен ұлттық қауіпсіздік үшін маңызын айтты. Іс-шара барысында Бас редакторлар клубы мен ҚХА журналистер клубы арасында өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президентін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.