Саясат • 15 Қазан, 2024
Гендерлік теңдік – маңызды мәселе
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Комиссия мүшелері Орнықты даму мақсаттарын іске асыру аясында гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге (ОДМ-ның 5-мақсаты) арналған мәселені талқылады.
Құқық • 15 Қазан, 2024
Кәсіподақ: еңбекші құқығының қорғалуы қалай?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында келесі жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиістігін мәлімдеді. Ал елімізде қарапайым еңбек адамдарының құқықтарын қорғау деңгейі қандай? Осы мәселемен айналысатын қоғамдық ұйым – кәсіптік одақтар оған қауқарлы ма?
Білім • 15 Қазан, 2024
ҚБТУ: NNEF – үздіксіз даму мүмкіндігі
Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Республика күніне орай баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара аясында журналистерге Қазақ-Британ техникалық университетінің заманауи келбеті, инфрақұрылымы таныстырылды. Бұл жоғары оқу орны Алматы қаласының Астана алаңындағы тарихи ғимаратта орналасқан.
Бизнес • 15 Қазан, 2024
Әлеуметтік бизнестің әлеуеті зор
Өңірде бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана білген кәсіпорындар баршылық. Олар жеңілдетілген шарттармен несие рәсімдеп, кәсіптерін кеңейтіп, әртараптандырып, тың мүмкіндік іздеудің қамына белсене кірісті. Кепілге мүлік қоя алмағандарға тығырықтан шығар жол қарастырылған. Мұның бәрі елдегі шағын және орта бизнес үлесінің көбеюіне сеп.
Шаруашылық • 15 Қазан, 2024
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған кеңейтілген кеңес өтіп, оның жұмысына Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Жиында орақ науқанының аяқталуы, астықты сатып алу бағасы мен диқандарға мемлекеттік қолдау көрсету, көктемгі егіс мәселелері талқыланды.