Үкімет • 11 Қазан, 2017
Үкіметте «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, сондай-ақ әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту саласын жаңғырту жайы, Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар, цифрлы экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау сияқты бірнеше ауқымды мәселе қаралды.
Медицина • 11 Қазан, 2017
Бейбіт Атамқұлов: Зымыранды құлату ауданына қатысты алаңдауға негіз жоқ
Үстіміздегі жылдың 6 қазанында Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында Жер орбитасына ғарыштық аппараттарды жеткізетін «Союз-2» зымыран-тасығышы ұшырылған жағдайда оның аталған ауданның тиісті аумағына зиянды-зиянсыздығы кеңінен талқыланған қоғамдық тыңдау өткен болатын. Қоғамда айтарлықтай пікірталас туғызған мәселеге байланысты оның анық-қанығына көз жеткізу мақсатында біз Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.
Аймақтар • 10 Қазан, 2017
Мәжіліс депутаттары Родина ауылында көшпелі отырыс өткізді
Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттық тобының көшпелі отырысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Родина ауылында өтті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған депутатттар «Родина» агрофирмасының жай-күйін көзбен көріп, ауылдық жағдайда өмір сүруге үлгі боларлық нысанның тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Аймақтар • 10 Қазан, 2017
Маңғыстау облысының әкімі Корея Республикасының елшісімен кездесті
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэсик Кимді қабылдады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Медицина • 10 Қазан, 2017
Астанада жазасын өтеушілердің шығармашылық көрмесі өтті
10 қазан – әлемде өлім жазасына қарсылық күні ретінде аталып келеді. Атаулы күнге орай Астанада халықаралық түрме реформасы (PRI) ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі мен Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Бостандықтан тыс өнер» атты көрме өтті.