Әлем • 07 Қазан, 2017
Елімізде құрастырылған автокөліктер Тәжікстан нарығына шықты
Бүгін Душанбеде Қазақстанда шығарылған автомобильдердің 55 дана алғашқы партиясын «Холдинг Азия групп Таджикистан» ЖАҚ таксомотор паркіне тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл жайында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 07 Қазан, 2017
Швецияның Қазақстандағы елшісі еліміздің мемлекеттік наградасымен марапатталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камиллге оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты «Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасын табыстады. Бұл туралы mfa.kz хабарлады.
Бокс • 07 Қазан, 2017
Садриддин Ахмедов кәсіпқой боксқа ауысты
Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов енді кәсіпқой бокста ғана өнер көрсетеді, деп хабарлайды qsport.kz.
Кәсіпқой бокс • 07 Қазан, 2017
Геннадий Головкин WBC кеңесінің Мексикадағы елшісі атанды
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Мексикадағы елшісі атанды. Бұл туралы кеңестің президенті Маурисио Сулейман айтты.
Кәсіпқой бокс • 07 Қазан, 2017
Жақиянов-Барнетт жекпе-жегі қай уақытта басталатыны белгілі болды
Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов 27-1, 18 КО) арасындағы кездесу қай уақытта басталатыны белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.