«Таза Қазақстан» • 11 Қазан, 2025
Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Мәдениет • 11 Қазан, 2025
Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі ашылды
Мәскеудің Третьяков галереясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі әзірлеген «Қазақстан өнерінің жауһарлары» атты көрме ашылды. Іс-шара Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 11 Қазан, 2025
Ақмола облысында газбен жабдықтау желісі кеңеюде
Ақмола облысында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгін Целиноград ауданында бірден екі ауылға – Ыбырай Алтынсарин атындағы ауыл мен Талапкерде газ беру іске қосылды. Аталмыш оқиғаны көп жылдар бойы күткен жергілікті тұрғындар үшін бұл нағыз мереке болды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Экология • 11 Қазан, 2025
Арқалықта ағаш отырғызу акциясы өтті
Арқалықта «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ауқымды ағаш отырғызу акциясы өтті. Экологиялық іс-шара барысында қала тұрғындары Арқалық педагогикалық университетінің жаңадан жаңғыртылған үшінші оқу ғимаратының алдына, Ахмет Байтұрсынұлы аллеясына 500-ден аса қарағай, қайың көшетін отырғызды, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 11 Қазан, 2025
Бүкілреспубликалық «Таза Қазақстан» акциясы 600 мыңнан астам адамды біріктірді
Бүгін республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.