Жазылу • 10 Қазан, 2025
«Қазпошта» осы аптада мерзімді басылымдарға жазылу басталғанын хабарлады. Оқырмандар 2026 жылы 3 мың газет пен журналға жазыла алады. Интернет-ресурстардың дамуына қарамастан, баспасөз басылымдары әлі де қоғамдық пікір мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын сенімді ақпарат көзі болып қала береді. Жазылым науқаны аясында «Қазпошта» акционерлік қоғамы «Балаларға сыйлық жаса: газет пен журналдарға жазыл» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жоба тұрмыстың қиындығына тап болған балаларды танымдық басылымдармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Ғалам ғажаптары • 10 Қазан, 2025
Биылғы химия саласындағы Нобель сыйлығы Жапониядан Сусуму Китагаваға, Аустралиядан Ричард Робсонға және Иордания тумасы, АҚШ ғалымы Омар Ягиге берілді. Олар металды-органикалық каркас (MOF) деп аталатын жаңа материал түрін әзірлегені үшін марапатталды.
Марапат • 10 Қазан, 2025
Әдебиетсүйер қауым көптен күткен жаңалық жария болды. Ұлы даламен тамырлас Мажар елі жазушысы Ласло Краснахоркаи Нобель сыйлығының лауреаты атанды.
Театр • 10 Қазан, 2025
Елорданың мәдени өмірінде айрықша оқиға болды. «Астана Опера» театрында үш күн қатарынан атақты композитор Джузеппе Вердидің әйгілі «Риголетто» операсының премьерасы өтті. Қойылым қала тұрғындары мен қонақтарына ғажайып көңіл күй сыйлады. Бұл туындыны қоюға Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.
Көрме • 10 Қазан, 2025
Елордадағы Ұлттық музейде Алматы облыстық «Анаға құрмет» музей ұжымының ұйымдастыруымен тағылымы терең көрме ашылды.