Парламент • 10 Қазан, 2019
Дариға Назарбаева Жайық өзенінің экологиялық жағдайымен танысты
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Сырым» шекаралық өткізу бекетінде болып, ондағы жаңартылған инфрақұрылыммен танысты. Бұл туралы Парламент палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 10 Қазан, 2019
Р. Скляр Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының XV отырысына қатысты
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр және Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин бастаған отырыстың барысында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасындағы экономикалық ахуал туралы ақпарат алмасу болды, сондай-ақ, Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 10 Қазан, 2019
Семей қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуынша, көп жағдайда ұрлық атаулының жалғыз себебі, меншік иелерінің сақтық танытпауларында екен. Кейде адамдар жеке заттарын қараусыз қалдыра отырып, өздерінің бейқамсыздығынан қылмыстың құрбаны болады. Қылмыстың бұл түрін ашу және ұрлық жасаған адамдарды анықтау өте қиын. Сондықтан мұндай фактілерге жол бермеу және өз мүлкін сақтау үшін барлық шараларды қабылдаған жөн.
Үкімет • 10 Қазан, 2019
Бердібек Сапарбаев елорданың бірқатар спорт және медициналық нысанын тексерді
Бүгін Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар спорт және медициналық нысанды аралады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қостанайда публицист ғалыммен кездесу өтті
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистер академиясының президенті, Қазақстанның Тұңғыш Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағының алты дүркін лауреаты Сағымбай Қозыбаевпен кездесу өтті. Қазақ журналистикасы мен осы салаға мамандар дайындайтын білім ордасында 46 жыл қызмет еткен Сағымбай Қабашұлының алдынан Қазақстан журналистикасының майталмандары түлеп ұшқан еді.