Қоғам • 09 Қазан, 2025
Тарихқа адалдық тәртіптен басталады
Елімізде кейінгі бес жылда 49 ескерткіш заң талаптарын сақтамай орнатылған. Ең көп заңсыздық Түркістан (17) және Қостанай (15) облысында тіркелген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Саясат • 09 Қазан, 2025
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италия Мәдениет министрлігінің Реставрация жөніндегі орталық институтының директоры Луиджи Оливамен кездесті. Тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Италия Республикасының Реставрация жөніндегі орталық институты арасында меморандумға қол қойды.
Форум • 09 Қазан, 2025
Азаматтық қоғамды дамыту мүмкіндігі
ХІІ Азаматтық форум қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елордада үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында министр кейінгі уақытта ҮЕҰ мен салалық министрліктердің басшылары арасында онға жуық кездесу өткенін атап өтті. Сондай-ақ жиында азаматтық қоғамды дамыту саласындағы өзекті мәселелер, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен іске асырылып жатқан жобалар мен іс-шаралар талқыланды.
Үкімет • 09 Қазан, 2025
Тауарларды цифрлық таңбалау мәселесі талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы Америкалық сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлихпен кездесті. Кездесу барысында вице-премьер тұтыну тауарларын цифрлық таңбалауды енгізу мәселесі қаралған Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысының оң қорытындыларын атап өтті. Ол Үкіметтің шетелдік серіктестер мен Америкалық сауда палатасының еліміздегі инвестициялық ахуалды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Отырыста айтылған барлық ұсыныс мұқият зерделенді.
Саясат • 09 Қазан, 2025
Стратегиялық су серіктестігі жөніндегі келісім
Су ресурстары және ирригация министрлігі Германияның «German Water Partnership» (GWP) қауымдастығымен Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Бұған вице-премьер Қанат Бозымбаев пен GWP басшылығы арасында осыдан бір жыл бұрын Германияда өткен келіссөздер бастама болды.