Шаруашылық • 09 Қазан, 2025
«Қараөзек» серіктестігі бұл күндері егістік алқабының 80 пайыздан астамын жинап үлгерді. Күн ашық болса, төрт-бес күнде дала жұмысы толық аяқталмақ. Ерте көктемде серіктестік 8 150 гектар алқапқа дән сіңірген, оның 2 750 гектары – зығыр, 1 115 гектары – жасымық, қалған бөлікке бидай мен арпа егілген. Майлы және бұршақ дақылдарын егуге себеп болған жай – бағасының қымбаттығы.
Архив • 09 Қазан, 2025
Мұстафа Шоқайдың АҚШ-тағы кітапқа енген суреті
Америкада білім алып жүргенде жинаған ұлтымыз туралы деректер қоржынын ақтарып, оқырманға ұсынудан жалықпаймыз. Мақсат – қилы кезеңде тарыдай шашылған қазақтың алыстағы деректерін елге жеткізу. Бірде Вашиңтон қаласындағы ескі кітаптар дүкеніне бас сұқтым. Екі қабаттан тұратын дүкен бүкіл әлемнің рухани байлығын бойына жинап алғандай. Сөрелерде әр елдің тарихы мен тағдырынан сыр шертетін кітаптар дестеленіп тұр.
Басылым • 09 Қазан, 2025
Президент архивінде ХХ ғасырдағы ірі мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың өмірі мен қызметіне арналған «Нығмет Нұрмақов. Құжаттар мен материалдар» атты тарихи-құжаттық жинақтың тұсаукесері өтті. Кітапта оның реформаторлық қызметі, елді индустрияландыруға қосқан үлесі және отбасылық трагедиясы архив деректері негізінде көрсетілген.
Қоғам • 09 Қазан, 2025
Соңғы кездері Мемлекет басшысының қамқорлығы мен қолдауы кітапхана саласына өркенді өзгеріс әкелді. Кітапханашылардың жалақысы едәуір артты. 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Түнгі кітапханалар жұмыс істей бастады. Өзге де атқарылып жатқан игі шаралар көңілге қуаныш ұялатады.
Спорт • 09 Қазан, 2025
Қазақстан Футбол федерациясының (ҚФБ) басшылары мен польшалық бапкер Михал Пробежбен ортақ мәмілеге келді. Бұл ақпаратты kanalsportowy.pl агенттігі таратып отыр. Егер осы мәлімет расталса, онда 53 жастағы маман еліміздің ұлттық құрамасының тізгінін ұстайды. Пробеж ұзақ уақыт Польшаның бірқатар белді клубтарын, Грекияның «Арисын» жаттықтырды. 2023–2025 жылдар аралығында өз елінің ұлттық командасының бас бапкері болды.