Әдебиет • 08 Қазан, 2025
Биылғы Нобель әдебиет сыйлығын кім алады
9 қазан күні әлем жұртшылығы әдебиет саласындағы ең беделді марапат Нобель сыйлығының иегерінің есімін білмек. Бұл күнді жыл сайын әдебиетсүйер қауым асыға күтеді. Жеңімпаз 11 миллион швед кронын (шамамен 1,2 миллион АҚШ доллары) қалтасына салады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 08 Қазан, 2025
Келешек мектептерінің оқу бағдарламасына AI тақырыптары енгізілді
«Келешек мектептері» жобасы аясындағы мектептерде «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект тақырыптарын енгізу жұмыстары басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Питер Фостер Air Astana компаниясындағы бас директор қызметінен кетеді
Air Astana директорлар кеңесі компанияның бас атқарушы директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында өз лауазымынан кететінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 08 Қазан, 2025
Құрылыс кодексіне сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жаңа талаптар енгізіледі
Қазақстан аумағының жартысына жуығы жойқын жер сілкінісі қаупі бар өңірлерге жататындықтан, жаңа Құрылыс кодексінде сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жеке тарау енгізіледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мәжілістегі заң жобасын талқылау кезінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 08 Қазан, 2025
Жаңа ғимаратқа кепілдік беру мерзімі 10 жылға ұзартылуы мүмкін
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Құрылыс кодексінің жобасы жөнінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.