Жастар • 08 Қазан, 2025
Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты «Тау самалы» демалыс аймағында «Қарапайым жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Ауыл» партиясының бастамасымен республикалық «Auyl jastary» форумы өтті. Бұған еліміздің әр аймағынан белсенді жастар қатысты.
ЖОЛДАУ • 08 Қазан, 2025
Транзиттік бағыттарды әртараптандыру – уақыт талабы
Қазіргі геосаяси жағдайда елдегі транзиттік бағыттарды әртараптандыру шарасы аса маңызды болып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауда осы мәселеге айрықша көңіл бөліп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға әлі де зор мүмкіндік бар деп мәлімдеді. Айтуынша, былтыр ел аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 млрд тоннадан асқан. Әрине, мұндай жоғары жүктеме жағдайында жаңа бағыттарды ашудың да қажеттілігі арта түседі.
Заң мен Тәртіп • 08 Қазан, 2025
Отбасылық-тұрмыстық қылмыс көбейіп тұр
Қазағы қалың Түркістан облысында кейінгі кездері елді елең еткізген жантүршігерлік қылмыстар болды. Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық, оған қатысты құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу өзекті мәселеге айналып отыр. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар көбіне жабық есік күйінде қалып, көп жағдайда жария болмай жатады.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Сот сараптамасы сенім деңгейін арттырады
Сот сараптамасы – сот төрелігі жүйесінің әділ әрі объективті шешімдер қабылдау үшін ғылыми негіз қамтамасыз ететін саласының бірі. Қылмыстарды тергеудің тиімділігі мен қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейі сараптамалық зерттеулердің сапасы мен шынайылығына тікелей байланысты.
Заң мен Тәртіп • 08 Қазан, 2025
Қоғамды түйіні тарқатылмайтындай түйткілге айналған интернеттегі алаяқтардың әуресі алаңдатып отыр. Кейінгі жылдары әлеуметтік желі арқылы жасалатын қылмыстың тамырына балта шабыла қойған жоқ.