Ғылым • 08 Қазан, 2025
Біздің ғасыр ғылым мен технологияның қарқынды дамыған дәуірі ретінде есте қалары сөзсіз. Әсіресе ғарыш саласы бүгінде мемлекеттердің даму деңгейін көрсететін стратегиялық бағыттардың біріне айналды. Ғарышты игеру тек қана жаңа ғылыми жаңалықтарды ашу емес, сонымен қатар елдің экономикалық, қорғаныстық және технологиялық әлеуетін арттыратын маңызды қадам.
Ұстаз • 08 Қазан, 2025
Кісілік пен кәсібиліктің дәнін сепкен
Ұстаз – ұлт болашағының сәулетшісі, оның еңбегі ұрпаққа рухани азық болар ұлы күш. Білікті педагог айналасына шуақ шашып тұрады.
Ұлттық спорт • 08 Қазан, 2025
«Ұлттық жоба дәстүрді жаңғыртып, рухты шыңдайды»
Жуырда «Amanat» партиясының қолдауымен Қостанай облысының Торғай аумағында Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтті. Айтулы шараға елімізден және шетелден 18 команда қатысып, 90 жүйрік бағы мен бабын сынады. Торғайдан бастау алған жорық Арқалық қаласына ат басын тіреді. Жол қашықтығы – 500 шақырым. Бірінші орынды бауырлас қырғыз елінің командасы алса, екінші орынды Ақтөбе облысының командасы, ал жүлделі үшінші орынды Қостанай облысының командасы еншіледі.Осы дүбірлі дода туралы республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының құрметті президенті, Парламент Сенатының депутаты Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі мырзамен сұхбаттасқан едік. Жорық жайы туралы сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
Мәселе • 08 Қазан, 2025
Қазір күре жолда көлігімен мал қағып, мертігіп қалып жатқандар көп. Алдыңдағы анық көрінетін күндізгі уақытта ештеңе емес, ал көз байлана жолға шыққандар жылдамдықты азайтып, діттеген жеріне жеткенше тежегіштен табан ажыратпай отыруға мәжбүр. Сонда да оқыс жағдайға ұрынып қалып отырғандар қатары азаяр емес. Осыны болдырмаудың барлық амалы жасалып-ақ жатыр, бірақ елдегілердің «ауыл маңында мал жаятын жер жоқ» деген уәжі де ойландырмай қоймайды.
Аймақтар • 08 Қазан, 2025
Биыл Көкшетау қаласы іргесіндегі Қопа көлінің жағасы абаттандырылып, әдемі демалыс орталығына айналды. Көз жауын алатын әдемі көрініске күні кеше ашылған «Көк шалғын» гүлзары әсемдік үстеді.