Байқау • 08 Қазан, 2025
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен аптада Зерендіде дәстүрлі «Zerendi Photo Fest III» фестивалі өтті. Биылғы шығармашылық байқау жоғары оқу орнының 30 жылдық мерейтойына арналды.
Тарих • 08 Қазан, 2025
Қаныш Сәтбаев пен Әлкей Марғұлан жас шағынан бір-бірімен сыйласқан. Жақын араласқан кезі – Семей мұғалімдер семинариясында қатар оқыған шағы. Бұл ортада Жүсіпбек Аймауытұлы мен Мұхтар Әуезов те бар.
Аймақтар • 08 Қазан, 2025
Жамбыл аудандық мәдениет үйінде халқымыздың рухани қазынасын 500-ден астам музыкалық туындымен байытқан ұлы композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойына орай «Ұлы даланың Нұрғисасы» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Шешенсөз иелері өзара сынға түсті. Бәсекелі айтыста «Хабар» агенттігінің жүргізушісі Мейірбек Сұлтанхан қарсыластарына дес бермеді. Ол алдымен қырғыздың айтыскер ақынынан басым түссе, ақтық сайыста Аспанбек Шұғатаевты шаң қаптырып, бас жүлдеге тігілген темір тұлпарды тақымдады.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Егер алаяқ сіздің атыңызға несие рәсімдесе не істеу керек?
Егер алаяқтар сіздің атыңызға кредит рәсімдеген болса банкпен немесе МҚҰ-мен байланысыңыз. Кредиттің алаяқтық екенін хабарлаңыз. Карталарды, шоттарды немесе қосымшаға қолжетімділікті блоктауды сұраңыз және өтінішіңізді тіркеңіз, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 07 Қазан, 2025
Инвесторлар электр қуаты үшін жоғары тарифпен ақы төлеп келген
Прокурорлар жергілікті монополист компания электр энергиясы үшін инвесторлардан қымбат ақы алып келгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.