Банк • 07 Қазан, 2025
Банктер экономикаға қаржы құюға неге енжар?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда банктерге бос қаржы қаңтарылмай, ел ісіне жұмсалсын, өндіріс пен кәсіп өрісін кеңейтсін деп сәлем жолдады. Бірақ бүгінгі банктердің қалыбы бөлек. Нақты секторға несие беруден именеді. Халықаралық зерттеулерге үңілсек, бұл мәселе тіптен айқын көрінеді. Дүниежүзілік банктің зерттеуінде еліміз банк кредиті көлемі жағынан табысы ортадан төмен елдердің деңгейінде қалып отыр. Мәселен, Қытайда жеке секторға берілген несие ІЖӨ-нің 161%-ына тең, Малайзияда бұл көрсеткіш 120%-дан асады, Таиландта 116%-ды құрайды. Ал Қазақстан 178 елдің ішінде небәрі 116-орында тұр.
Форум • 07 Қазан, 2025
Игі бастамалар елдің технологиялық серпілісін нығайтады
Астанада өткен «Digital Bridge: Generative Nation» халықаралық форумының пленарлық отырысына Премьер-министр Олжас Бектенов қатысты. Цифрлық шешімдер көрмесін аралаған Үкімет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу Президент айқындаған ел дамуының басым бағыты екенін айтты.
Қоғам • 07 Қазан, 2025
QR-төлемдер сервисі іске қосылды
Ұлттық банк банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу үшін банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты. Аталған бастама «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында жүзеге асты.
Қоғам • 07 Қазан, 2025
Кредит төлей алмасам, үйімді алып қоя ма?
Заңгер Рауан Есберген жауабы: – Заңнамаға сәйкес, жалғыз баспананы ешкім тартып ала алмайды. Егер сіздің атыңызда бір үй ғана болса, ол сіздің және отбасыңыздың тұратын жалғыз баспанасы ретінде қорғауда тұрады. Сондықтан қарызды уақытында өтей алмасаңыз да, ол үйді тартып алу шарасы қолданылмайды.
Білім • 07 Қазан, 2025
«Binom» мектебінің жоғары нәтижесі
Оқушылардың білім жетістігін бағалауға арналған халықаралық бағдарлама – «PISA» («Programme for International Student Assessment») алғаш рет 2000 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бастамасымен жүзеге асты. Содан бері бұл зерттеу әр үш жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп, бүгінде әлемнің 80-нен астам елін қамтиды.