Аймақтар • 07 Қазан, 2025
Жаңа стадион – ел спортының мерейі
Футболдан ел кубогінің финалдық ойыны Қызылордада ашылған 11 мың орындық жаңа стадионда өтті. Жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын жаңа спорттық кешен халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда футбол алаңы ғана емес, олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бокс, күрес, фитнес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика залдары тұрғындарға қызмет етеді. Сонымен қатар нысанда дүкендер мен дәмханалар да бар.
Спорт • 07 Қазан, 2025
Футболдан 2026 жылы АҚШ, Мексика, Канадада өтетін әлем чемпионатының билеттері сатылымға шығатын күн де жақындап қалды. Оның құны қанша болатыны қазірден белгілі. Бас кеңсесі Сан-Францискода орналасқан «The Athletic» интернет-басылымының мәліметінше, финалдық матчтың ең қымбат билеттері 6730 долларға сатылса, арзандарының бағасы 2030 доллар тұрады. Топтық турнирлерде олар 60-тан 620 доллар арасында сатылады.
Ғалам ғажаптары • 07 Қазан, 2025
Үндістанның Пенджаб, Харьяна штаттарының соттары дәрігерлерге рецептілерді түсінікті жазуды міндеттейтін шешім шығарды.
Спорт • 07 Қазан, 2025
Алматыдағы «Халық аренада» мәнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындарының қола, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындары мен Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды.
Ғалам ғажаптары • 07 Қазан, 2025
Қытай ғалымдары жер сілкінісін алдын ала болжайтын заманауи жүйе жасап шығарды. Жаңа технология жерасты дүмпулерін алғашқы секундтарында анықтап, халыққа ертерек ескерту жібереді.