Тағзым • 07 Қазан, 2025
Астананың күзі кейде Есенғали Раушановтың жырларына ұқсап кетеді. Селеудей сарғайып көріседі де, қаулаған оттай күреңітіп, жалқыны талаурап, сөнбей жатып алады. «Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше» деген ақын неге бұлай жырлағаны сонда байқалатындай. Шайырды еске алуға арналған «Ұшты менің құстарым бұлттан әрі» атты поэтикалық кеш К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп, қазақ әдебиетінің классигі туралы бірсыпыра естелік айтылып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Қоғам • 07 Қазан, 2025
Тұңғыш турист ретінде ғарышқа ұшпақ
Көзіқарақты оқырман турист ретінде ғарышқа аттанған алғашқы адам –алпыс жастағы АҚШ азаматы Денис Тито екенін ұмыта қоймаған болар. Ол 2001 жылдың 28 сәуірінде «Союз ТМ-32» кемесімен ғарышта бір аптасын өткізді. Америкалық кәсіпкер осы сапарына 20 миллион АҚШ доллары жұмсағаны да есте.
Спорт • 07 Қазан, 2025
Қазақстан Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайды
13-нен 14-ші қазанға қараған түні футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Скопьеде Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Қазан, 2025
Қызылордада экология департаменті мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Қызылорда облысының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 06 Қазан, 2025
Баум тоғайында бірде-бір ағаш кесілмейді
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасына қарасты «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының мәліметінше, мемлекеттік орман қоры санатына жатады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың бір бөлігі саналатын Баум тоғайында 104 429 ағаш және 5081 бұта бар, деп жазады Egemen.kz.