Форум • 03 Қазан, 2025
Digital Bridge – 2025: Адамзат дамуының ендігі бағдары ЖИ-ге тікелей байланысты
Астанада Digital Bridge – 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлеп, осынау іргелі іс-шараға қатысуға арнайы келген меймандарға ризашылығын білдірді. Жиынға елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок пен high-tech индустриясының белгілі өкілдері қатысты.
Саясат • 03 Қазан, 2025
Қазақ-мажар достығы ғасырлар қойнауынан тамыр тартады
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті. Ақордада өткен Мажарстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімінде мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы президенттерге рапорт берген соң, екі елдің әнұраны шырқалды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз залына барды.
Сенат • 03 Қазан, 2025
Көші-қон саласындағы ынтымақтастық
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның кезекті отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Қоғам • 03 Қазан, 2025
Геология – тұрақты даму негізі
Астанада Халықаралық геологиялық кеңестің XXVIII сессиясы өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің делегациялары қатысты. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сессия қатысушыларын құттықтап, геологияның елдің тұрақты экономикалық дамуының негізі екенін атап өтті.
Экономика • 03 Қазан, 2025
Импортқа тәуелділік азайса игі
Мемлекет басшысы Жолдауда экономиканың ең өзекті мәселелерін қозғады, оның ішінде ауыл шаруашылығы мәселесіне де айрықша тоқталды. Президенттің айтуынша, қазіргі ең өзекті міндеттің бірі – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту. Ол үшін шетел инвесторларымен серіктестікті нығайту керек. Сонымен қатар министрліктің мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын бастауы да маңызды.