Еңбек • 03 Қазан, 2025
Тәуелсіз еліміздің картасындағы жаңа кенттің бірі – Жылыой ауданындағы Жаңақаратон. Оған 1999 жылдан бері мұнай алынатын кен орындарына таяу орналасқан Ескіқаратон, Сарықамыс кенттерінің тұрғындары көшірілді. Жаңа кентте ержеткен жігерлі жастардың қатарында Айбар Аманжолов та бар.
Ұстаз • 03 Қазан, 2025
Жауапкершілік жүгін сезінген ұстаз
Өз уақытын аямай, шәкіртінің уақытын аялай білген ұстаздың орны – қашанда төр. Оқушының зейінін ашу жолында бар күш-жігерін сарқа жұмсап жүрген педагог мамандар өңірімізде аз емес. Олардың қатарында жұмысына жаңашылдықпен қарап, ізденіс ізіне түскен азаматтар да баршылық. Солардың бірі – Мұхтар Талқанбаев.
Еңбек • 03 Қазан, 2025
Таяуда зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасында жас ұрпақты еңбекке баулу, үздік жұмысшыларды құрметтеу, қарапайым еңбек адамына сыйластық көрсету мақсатында мазмұнды кеш өтті.
Ұстаз • 03 Қазан, 2025
Өз саласында мемлекеттік марапатқа лайықты, бірақ өз бағасын алуға кешігіңкіреп жүргендей көрінетін бір жан бар еді Маңғыстауда. Ол – тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы төл оқулықты құрастырған математик ұстаз, бүгінде ардагер-зейнеткер Қуантқан Ванов. Математика маманының қазақ тілі, оның емлесі, әліпби мәселесімен айналысып, өзінің тың ойларын құзырлы орындар назарына ұсынып жүргеніне де біраз жыл болды.
Білім • 03 Қазан, 2025
Ұлттық жобаны ата-аналар лайықты бағалады
Түркістан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 8 жаңа мектеп білім күні шәкірттерге өз есігін айқара ашқан болатын. Атап айтқанда, Төлеби ауданының Достық ауылында 900 орынды, Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орынды жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шардара, Сауран, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласында да жаңа білім ошақтары шәкірттерді қабылдады. Жалпы, «Келешек мектептері» жобасы аясында облыста 46 мың шәкірт білім алатын 29 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның 13-і өткен оқу жылында пайдалануға берілді.