Экономика • 29 Қазан, 2025
Қазақстан экономикасының өсімі 6,3%-ға жетті
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау аясында экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, инвестициялық белсенділікті арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шараларды қарқынды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 29 Қазан, 2025
Қазақ-фин ынтымақтастығы жаңа бағытта дамиды
Кеше Финляндия Президенті Александр Стубб елімізге алғаш рет ресми сапармен келді. Жоғары деңгейдегі келіссөздерге дейін Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен Александр Стубб бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұрандары орындалғаннан кейін президенттер шағын құрамда кездесу өткізді.
Үкімет • 29 Қазан, 2025
Энергетикалық жобаларды жүзеге асыру міндеті
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электр энергетикасы саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Отырыста тиісті ведомство басшылары салада атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
Қазақстан • 29 Қазан, 2025
Жаһандық ұйымдарға жол ашқан құтты қадам
1990 жылдың қоңыр күзі. Кеңес одағы әлі ресми түрде таратылмаған, бірақ идеологиялық пәрмені әлсіреп, одақтас республикалар саяси дербестікке қарай қадамдай бастаған шақ. Ал сол тұста қабылданған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» еліміздің тәуелсіз сыртқы саясат жүргізу ниетін алғаш рет құқықтық деңгейде жариялаған тарихи құжат еді.