Театр • 29 Қазан, 2025
Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасы 41-маусымын Г.Х.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» спектаклінің премьерасымен ашты.
Тағзым • 29 Қазан, 2025
Абай университетінде Алаш арысы, тұңғыш математика оқулығының авторы Міржақып Дулатұлының есімін ұлықтау мақсатында М.Дулатұлы атындағы математика дәрісханасының тұсауы кесілді. Бұл тағылымды іс оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің бастамасымен жүзеге асқанын айта кету керек. Аудиторияның ашылуына еліміздің белгілі академиктері мен ғалымдары қатысты.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Ыстанбұлдың «Kamus» баспасынан жазушы Қайсар Әлімнің «Міржақып Дулатұлы» кітабы түрік тілінде басылып шықты. Тәржімені Ашур Өздемир жасады.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Қазанның қара дауылы әдеттегідей ұшы-қиыры шексіз де шетсіз орманды шайқап өтіп, қызылды-сары жапырақтарды сау еткізген. Мәңгі жасыл шыршаның піскен бүршіктері де сатырлап жерге түскен. Шашылған бүршік ертең-ақ жайқалған орманға айналады. Ол үшін орманшылар бүршіктерді бүгін жинап, арнайы тұқым бақтарға егеді.
Саясат • 28 Қазан, 2025
АҚШ саясаткері Кристофер Ландау Алматының қонақжайлығына тәнті болды
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласы туралы жылы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.