Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Ақтауда жоғарыдан құлаған баланың жағдайы жақсарып келеді
Ақтау қаласы 33 ш/а көпқабатты үйлердің бірінен, нақтырақ айтқанда 4-ші қабаттан 4 жасар баланың құлап кеткендігі жөнінде "103" қызметіне шақырту түскен болатын. Оқиға қазан айының 4 күні сағат шамамен 14:55 уақытында болған.Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жедел жетіп, жарақат алған баланы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген.Бұл туралды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 06 Қазан, 2020
Киевте мәдени ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды
Елші Дархан Кәлетаев Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченкомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Қазан, 2020
Облыс әкімдері білім бөлімдері басшыларын тағайындай алмайды
Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларын облыстық білім беру басқармасының басшысы тағайындайтын болады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Атырауда модульдік аурухана құрылысына 900 адам тартылды
Атырауда да модульдік типтегі инфекциялық аурухана салынып жатыр. Қазір мұнда 900 адам жұмысқа тартылған. Құрылыс жұмыстарының 85 проценті атқарылған аурухананы осы айда пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгін жаңа нысанның құрылысын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тексеріп шықты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
87-ші театр маусымы "Ұлы Абайға тағзыммен" басталады
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұзақ үзілістен кейін 8 қазанда алматылықтар мен қала қонақтарына өз есігін айқара ашады. 87-ші театр маусымы "Ұлы Абайға тағзым!" концертімен ашылатын болады.