Қазақстан • 24 Қазан, 2025
2026 жылы Жылқы шаруашылығы институтының құрылысы аяқталады
Мал шаруашылығын дамытуға және қазақтың жылқы шаруашылығы дәстүрін сақтауға бағытталған жоба шеңберінде Ақтөбе облысында жүргізіліп жатқан «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ғимаратының құрылысы 2026 жылғы мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 24 Қазан, 2025
Жетісу облысында 8 жаңа медициналық нысан ашылды
Мемлекет басшысының ауылда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жетісу облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ФАП, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулатория ел игілігіне тапсырылды, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Қайта оралған ұлы күн – нағыз ұлттық мереке
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды, биыл оған 35 жыл. Ақжолтай құжат – еліміздің Тәуелсіздік алуына жол ашты. Халқымыз егемендікке бастайтын жолды ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Зиялылар ұлт санасын сақтау үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Бостандыққа ұмтылыс Желтоқсан оқиғасында айқын көрінді. Декларация – халқымыздың ұзақ жылғы күресінің нәтижесі. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырып, азаттық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн, сол себепті баға жетпес құбылыс іспетті, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 24 Қазан, 2025
Аида Балаева кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Елімізде 24 қазан Кітапханашылар күні аталып өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, толайым табыс тіледі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қазан, 2025
Жас ғалымдарға пәтер кілті табысталды
Республика күнінде 16 жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.