Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Күзгі гид: кітаптар және музыка: жайлы кештерге арналған таңдаулар Яндекс Плюс жазылымында
Аймақтар • 24 Қазан, 2025
Ұлан ауданында биыл 52 шақырым жол мен көше жөнделіп жатыр. Ол туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданының халқымен кездесуде айтты. Ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы кездесуден кейін бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.
Университет • 24 Қазан, 2025
Екі ел университеттері арасындағы әріптестік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемнің жетекші оқу орындарының филиалын еліміздің іргелі жоғары оқу орындарының жанынан ашу туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасынан Түркияның айтулы оқу ордаларының бірі – Гази университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Шымкент • 24 Қазан, 2025
Цифрландыру өңір дамуына серпін береді
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңының «Қазақстанның тұрақты өңірлік дамуы: цифрлық, экономикалық және әлеуметтік бағдарлар» тақырыбында жиын ұйымдастырды. Оған зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, депутаттар, этномәдени бірлестік төрағалары, түрлі мекеме басшылары мен қоғам белсенділері қатысты.
«Таза Қазақстан» • 24 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа ауқымды әлеуметтік-экологиялық жоба – «Таза Маңғыстау» тақырыбымен 45 күндік челлендж өтіп жатыр.