Президент • 25 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Республика күні құтты болсын! Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды.
Білім • 24 Қазан, 2025
Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылында былтыр ашылған жаңа үлгідегі жайлы мектеп бүгінде ауыл өміріне тың серпін әкелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген бұл білім ордасы бүгінде сапалы білім мен жаңа форматтағы тәрбие беру ісінің тірегіне айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 24 Қазан, 2025
Бақытжан Оразалиев: «Заманауи кітапхана оқырманға қолайлы жағдай жасауымен ерекшеленуі керек»
Александр Пушкин көшесінің бойында кітап арқалаған жастардың қарасы қалың. Олардың көбі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының тұрақты оқырмандары. Жаңа технологиялармен жабдықталған, кітап қоры бай бұл руханият ордасы бүгінде білім іздеген жастардың бас қосатын орнына айналған. Кітап ісінің жаңа бағыттары, оқырман мәдениетінің өзгеруі және цифрлық дәуірдегі оқу үрдісінің ерекшеліктерін сұрап білу үшін кітапхана директоры Бақытжан Оразалиевпен сұхбаттасқан едік.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Сыр өнерпаздары Швейцария сахнасында
23-24 қазан күндері «Республика күні» ұлттық мерекесі және Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толу мерейтойына орай Швейцарияның Женева, Берн қалаларында Сыр өнерпаздарының концерті өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Абай мұрасына арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Хакім Абай мұрасы» атты тақырыптық-экспозициялық көрме ашылды. Тағылымды шара ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.