Оқиға • 23 Қазан, 2025
Ақтөбедегі жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2 бала бар
Самара — Шымкент тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2016 және 2022 жылы туған екі бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Жетісудың 134 мыңнан астам тұрғыны газбен қамтылады
Аталған облыс аумағындағы «Талдықорған-Үшарал» жаңа магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің газ инфрақұрылымын дамыту аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
2025 жылы Отбасы банкінің әрбір үшінші клиенті өмірінде алғаш рет өз баспанасына ие болды
Көптеген қазақстандықтар үшін алғашқы пәтер немесе үй сатып алу – өмірдегі ең маңызды әрі қуанышты оқиғалардың бірі. Бұл арманға қол жеткізуге азаматтарға Отбасы банк көмектеседі. Жыл басынан бері банктің әрбір үшінші салымшысы алғаш рет өз баспанасын сатып алып, жаңа қоныс иесіне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 23 Қазан, 2025
Алматыда балалардың туабітті жүрек ауруларын анықтау мәселелері талқыланды
Бүгін Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жүрек кінәраттарымен (ТЖА) туған балаларды ерте диагностикалау мен қолдау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтіп, оған «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының директоры Мұрат Зауыров, University Medical Center клиникалық академиялық педиатрия департаментінің директоры, балалар кардиологы Татьяна Иванова-Разумова, UMC Жүрек орталығының балалар кардиологы Айкерім Жанатқызы қатысып, ата-аналар мен дәрігерлерге арналған ауқымды білім беру бағдарламасы туралы баяндады. Бұл бағдарлама жүректің туа бітті кеселдері жөнінде қоғамның хабардарлығын арттыра отырып, бұл дерттерді асқындырмай диагностикалауды дамытуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 23 Қазан, 2025
Су ресурстарын басқару саласын цифрландыру тетіктері қаралды
Астанада елімізбен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Түркиядан келген мамандар, сондай-ақ ICARDA, IWMI және Noda Information Technologies секілді жетекші халықаралық ұйымдардың сарапшылары суармалы егіншілік пен су ресурстарын басқару саласын цифрландыру бойынша өтіп жатқан өңірлік тренингке талқылап жатыр, деп жазады Egemen.kz.